Инстаграм парақшасында видео-үндеу жолдады
Үш күннен бері сусыз отырған Балқаш жұртынан қала әкімі кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайрат Қамзин апатты жоюға уәде беріп, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. Қалаға тіршілік нәрі біртіндеп беріліп жатқанын мәлімдеп, Инстаграм парақшасында видео-үндеу жолдады.
«Қазіргі таңда сол арнайы 5 техника жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде – 1 экскаватор, кран, көлік, су соратын екі сорғыш. Техникалық жағдайға байланысты жөндеу жұмыстары жалғасуда, жоспар бойынша бүгін бітірсек, кварталішілік желілерді толтырамыз», – деді Балқаш қаласының әкімі Қайрат Хамзин.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде Балқаш қаласында бас сорғы стансасының аумағында магистральдық құбыр жарылып, тұрғындар сусыз қалған еді.