Павлодарда ерекше бүлдіршіндерге арналған балабақшадан шу шықты

Бейнебақылау камерасы
Бейнебақылау камерасы
Қазір болған оқиғаға қатысты тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда ерекше балаларға арналған балабақшадан шу шықты. №52 бөбекжайға ұл-қыздарын апаратын ата-аналар балаларының денесі көгергенін байқаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға 13 қазанда болған екен. Балабақшаға мүмкіндігі шектеулі балаларын апарып жүрген ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші бөбектерге дауыс көтеріп сөйлеп, жұлқылап, тіпті кейде ұрып жіберетін жағдайлар болған. Бірі баласын бөбекжайдан алып кетерде қатты дауыс естісе, бірі ұл-қыздарының денесі қызарып, көгергенін байқаған.

«Баламды алып кетуге келгенде қатты дауыс естідім. Есіктің арғы жағынан тәрбиеші менің баламның иығынан ұстап, шетке итеріп жібергенін көрдім. Директорға айтқанымызда, қаталдық танытқан деп ақталды. Алайда агрессия мен қаталдықтың арасы жер мен көктей. 13 қазан күнгі бейнебақылау камерасының жазбасын көріп, шошып кеттік. Себебі тәрбиеші ұйықтап жатқан балаларды шымшып, ары-бері аударып жатыр. Ал директордың өзі бұл жағдайды агрессия деп қабылдамайды», – деді  ата-ана Кристина Калыгач

Ашуға булыққан ата-аналар балабақша басшысынан бір айда жазылған бейнебақылау камерасының жазбасын көрсетуді талап еткен.  Алайда белгісіз жағдайда камераның жады өшіп қалған көрінеді. Ата-аналар айтуынша, балабақша директоры балаларды жұлқылау фактісін мойындамайды. Ал бөбектерді жұлқылап жатқан тәрбиешіні заң бойынша конкурс арқылы жұмысқа қабылдыпты.

«Біз еңбек өтіліне қараймыз. Білімі болуы тиіс. Жарты жыл бойы іздедік тәрбиеші. Конкурс жариялаймыз. Жарияланған конкурста қандай тәрбиеші қалады. Соны аламыз», – деді қалалық №52 арнайы балабақшаның басшысы Тілектес Есенова.

Қазір болған оқиғаға қатысты тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желіге жедел тарап кеткен кадрдағы тәрбиеші жұмыстан шеттетіліпті. Ал қалалық білім басқармасы болған жайтқа қатысты үн қатпады. Тек Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышева әлеуметтік желідегі жазбаның астына пікір қалдырумен шектелді.

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров