«Таза Алматы» экологиялық шарасын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастайды
«Таза Қазақстан үшін» челенджін Президенттің өзі қолдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ешқандай ауа-райының қолайсыздығы тазалық жүргізуге кедергі бола алмайды. «Таза Қазақстан үшін» челенджін Президенттің өзі қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 27 шілдеде «Таза Алматы» экологиялық шарасын бастап бермек.
Көкжайлау аумағын тазалауға еліміздің бас экологі Мэлс Елеусізовтің өзі де қатыспақшы.
«Достар! Мен де – сіздер сияқты Алматы қаласының тұрғынымын. Бірақ төңірегімізді қоқыс басып жатқаны өте ұят болғандықтан, мен баршаңызды тазалық жасауға шақырамын. Акцияға өзім де қатысамын. Сіздер де келіңіздер. Табиғаты теңдессіз тауымызды адамдардың тастап кеткен қалдықтары мен күл-қоқыстан тазалайық», – деді еліміздің бас экологі Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34