|
16.04.2019 | 18:56
7012

Алматы тұрғындары қаладағы жол жөндеу жұмыстарын Instagram арқылы бақылай алады

Жолға қатысты кез келген сұраққа мамандар әлеуметтік желіде де жауап береді

Алматы тұрғындары қаладағы жол жөндеу жұмыстарын Instagram арқылы бақылай алады liter.kz

Бұдан былай Алматының жолдары жайлы бар ақпарат бір парақшадан табылады! Енді көше жөндеу бойынша кез келген сұраққа мамандар инстаграмда онлайн жауап береді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Almaty_zholdary» бірыңғай аккаунты осы жылдың наурыз айында ашылған. Содан бері халықтан 200-ден астам сұрақ келіп түсіпті.

Айта кетейік, парақшада орташа және ағымдағы жол жөндеу бойынша қысқаша ақпарат, уақытша көше жабу және алдағы жұмыс жоспары жүктеліп отырады. Сондай-ақ, мамандар әлеуметтік желідегі жолға қатысты басқа да арыздарды көзден таса қалдырмаймыз деп отыр.

«Біз халықпен байланыс орнату үшін осындай жеке аккаунт аштық. Мұнда Алматы жолдарын жөндеп жатқан мердігер мекемелер топтастырылған. Яғни, егер халықтың атқарылған жұмыс жайлы айтар уәжі болса, бірден қарастырамыз. Ешқайсысы жауапсыз қалмайды. Оған қоса, қаладағы жолдар жайлы толық ақпараттың барлығы осында», - дейді Баспасөз кеңсенің жетекшісі Жанна НҰРСЕЙІТОВА.

Айта кетейік, биыл Алматыда 111 шақырым болатын 121 көше жөнделеді. Тақтайдай тегістелетін көшелердің 12-сі магистральді болса, 14-і аудандық маңызы бар, ал 95-і жергілікті маңызы бар көшелер. Оған қоса, 5 жолайырық жасалады. Жұмыстар күзде толықтай аяқталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир