Селфи жасаймын: суға кеткен жасөспірім қыздың денесі табылды

01.08.2024 00:01

Оның мәйіті полицияға тапсырылды

Түркістан облысында селфи жасаймын деп суға кеткен жасөспірім қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құтқарушылар оқиға болған жерден 500 метр аралықтан марқұмды тауып алған. Қыздың денесі төмен қарай ағып кеткен. Оның мәйіті полицияға тапсырылды.

Айта кетейік, 16 жастағы қыз бала кеше селфи жасап тұрып, Сайрам өзеніне құлап кеткен.

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетіп, мерт болған. Оның арасында 30 бала бар.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзенге батып кеткен қыз әлі табылмады