Селфи жасаймын: суға кеткен қыз әлі іздестіріліп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Түркістан облысында екі топ жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында селфи жасаймын деп суға кеткен қыз әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, бойжеткен ағып кеткен өзеннің ағысы қатты және суы тұнық емес. Түркістан облысында екі топ жұмыс істеп жатыр.

– Суға батқан адам бір орында тұрмайды, ағып кетуі мүмкін. Іздеудің өз технологиясы бар, сүңгуірлер адам батқан жерден бастап, іздеу көлемін ұлғайта береді, – деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов

Айта кетейік, елімізде шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетіп, мерт болған. Олардың арасында 30 бала бар.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзенге батып кеткен қыз әлі табылмады

Новости партнеров