|
14.12.2022 | 18:57
3486

Соғыс ардагерінің сүйегі 79 жылдан кейін туған өлкесіне жерленді

Соғысқа кетіп оралмаған сарбаздың сүйек қалдықтары Ресейдің Новгород облысынан табылған

Соғыс ардагерінің сүйегі 79 жылдан кейін туған өлкесіне жерленді Almaty.tv.

Соғыс ардагерінің сүйегі 79 жылдан кейін туған өлкесіне жерленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшсі.

80 жылға жуық жоғалғандар қатарында болған жауынгер 1916 жылы Жуалы ауданында туған. Соғысқа кетіп оралмаған сарбаздың сүйек қалдықтары Ресейдің Новгород облысынан табылған. Ал артынан қара қағаз ғана келген азаматтардың сүйегін іздеумен арнайы топ айналысады.  

«Біздің атаның аманаты» деген қоғамдық ұйымы Ресей федерациясындағы іздеу командасымен бірігіп тапқан. Іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 12 жауынгердің сүйегі табылды. Оның ішінде 8 офицер бар. Іздеу жұмысына қазақстандықтар көмектесті. Өскелең ұрпақты әскери патриот ретінде тәрбилеу керекпіз. Ата-бабаларымыз соғысқа қатысып жеткен жетістіктері, ерлігіі жеткізіліп отыруы тиіс», – деді Оңтүстік өңірлік әскери қолбасшылығы басқармасының аға офицері Эльмира Жұмашева.

Сапарбай Имахаевтың туыстары Жуалы ауданына қарасты Тәттібай Дүйсебай ауылында тұрады. Ардагердің сүйегі осы елдімекенде тұратын туысына табысталды.

«Осы уақытқа дейін ешқандай хабар болмаған. Елімнің, жұрттың арқасында осындай мәртебеге жеттім. Атам сүйегі табылып, топырақ бұйырғанына қуаныштымын. Бұдан кейін соғыс болмасын, ел аман, жұрт тыныш болсын», – деді Сапарбай имахаевтың немере інісі Қосмұрат Имахаев.

Әскерилердің ақпаратына сәйкес алда жұмыс жалғасын таба бермек. Ерлік жасаған ерлер есімі еш ұмыт қалмайды.

Жомарт Есқара, Ғалымжан Есенбаев, «Алматы» телеарнасы, Жамбыл облысынан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир