Елордада Наурызға орай 100-ден астам іс-шара жоспарланған

Almaty.tv
Almaty.tv
Ертең астаналықтар «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын тамашалай алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Әз-Наурыз елорда төрінде де тойланып жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Астаналықтар ұлыс күнін бар сән-салтанатымен атап өтіп жатыр. «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында "Наурыз базары" Шығыс жәрмеңкелері ұйымдастырылған. 

«Наурыз мейрамын атап өту үшін ШҚО-дан келдік. Қызым мен күйеубалам қонаққа шақырған. Барша халықты құттықтаймын. Жақсылық болсын», – деді Өскемен қаласының тұрғыны Мәншүк Қамарова.

Тұрғындарға ұлыстың ұлы күні барынша насихатталып жатыр. Көрме кешенінің міне оң жақ бөлігінде қолөнер бұрышы төменгі жағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қойылған. Садақ ату мерген клубы да ұлттық ойынды насихаттай келіпті.

«Өзіміздің төл спортымыз садақ атуды таныстырып жатырмыз. Келушілер көп. Тұрғындар садақты ұстап көреді. Тартып көреді. Тек атқызбай жатырмыз, қауіпті», – деді дәстүрлі Sadaq Atu клубының жетекшісі Ерлан Келімбет

Әз-Наурызды тойлау мұнымен шектелмейді. Елордада ұлыс күнін мерекелеу аясында 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Ертең астаналықтар «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын тамашалай алады. Ал бүгін «Қазақстан» ОКЗ-да «Әнім сен едің концерті өтеді.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров