Ұлыстың ұлы күні Әулиеата жерінде де тойланып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Алаңда 21 бір киіз үй тігілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыстың ұлы күні Әулиеата жерінде де тойланып жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әз-Наурыз мейрамы Жамбыл облысының түкпір түкпірінде тойлануда. Қордай ауданының орталығында киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұлықталып жатыр.

БЛИЦ:

– Өте күшті! Көктемде күн жылынып, елдің көңіл-күйі де жақсы.

– Қыстан аман шыққанымызға Аллаға шүкір. Бәріміздің денсаулығымыз мықты болсын!

– Құрметті ағайын, Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

– Көк шығып, ағаш бүршік атып, малдардың бәрі төлдеп, өрісіміз малға, үйіміз май-құртқа толды. Наурыз Құтты болсын!

– Биылғы жаңа жыл өте жақсы өтіп жатыр. Халқымыз аман болып, жылда Наурыз мейрамына аман жете берейік. Қазақстан өркендей берсін.

10 мыңнан астам халық арнайы мерекелік концертті тамашалады. Сондай-ақ көпшілік қошқар көтеруден бақ сынасып, жастар тоғызқұмалақ ойынын ойнады.

Алаңда 21 бір киіз үй тігілген. Ұлық мейрамды халықпен бірге тойлауға аудан әкімі де арнайы келіп, тұрғындарды құттықтады.

«Бүгінгі мереке өте керемет, дәстүрлі форматта өтіп жатыр. Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысының тапсырмасымен, халықтың басы қосылып, ас дастархан жайылып жатыр», – деді Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков.

Ал аудан орталығының маңында  ат шаптырып, аламан бәйге өтті. Көпшілік дүбірлетіп көкпар тартысты.

Жомарт Есқара, Тілеуқабыл Саржан «Алматы» Жамбыл облысынан

Новости партнеров