Жантүршігерлік автобус апаты: сотқа куәгерлер қатысты

Almaty.tv
Almaty.tv
Автобус паркінің басшылығы жолаушылардан ешқандай арыз-шағым түспегенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты кезекті сот отырысы өтті. Қылмыстық іс Алатау аудандық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сұмдық оқиға былтыр желтоқсан айында болғанын еске салайық.  Жолаушылардың бірі автобус жүргізушісін жұдырықтап, жүгенсіз көлік аялдамадағы үш адамды қағып кеткен. Олар апат орнында көз жұмды. Бүгін үшінші сот өтті. Отырыста алғашқылардың бірі болып куәгерлер сөз сөйледі.

– Ортаңғы есіктен кірдім. Музыка тыңдап отырдым. Бір кісі жүгіріп барды да жүргізушіні ұрған кісіні итеріп жіберді. Менің аяғым тайып кетті, сол жерде талып қалдым, – деді куәгер.

Сондай-ақ сот отырысында №47 бағыттағы қоғамдық көлік қарайтын автобус паркінің басшылығы да сөз сөйледі. Оның айтуынша, жүргізушінің қоғамдық көлікті басқаруы немесе өзін-өзі ұстауына қатысты жолаушылардан ешқандай арыз-шағым түспеген. Сонымен қатар кәсіпорын өкілі жүргізушінің сол күні толық тексерістен өтіп, жолға шыққанын тілге тиек етті.

– Таңғы сағат 5:00 шамасында жұмысқа келіп, Халиуллина 159/5 мекенжайынан толық тексерістен өтіп, желіге шыққан. №304 автобус бағыты бойынша  жұмысқа шыққан, – деді автобус паркінің өкілі Манас Тазабеков.

 Оқи отырыңыз: Талдықорғандықтар жаңа тұрғын үй кешенінің салынуына қарсылық танытты

Новости партнеров