Өнегелі отбасы - елдің тұтқасы. Ізгілікке толы қасиеттерге ие, жарасымды жанұя қашанда көпке үлгі болуы тиіс. Осы мақсатта ұйымдастырылған байқауға қатысқысы келетін 116 отбасыдан өтініш түскен.
Әр ауданнан озып шыққан екі жанұя қалалық байқауға жіберілді. Әділқазылар жеңімпазды таңдау кезінде сахнаға шыққан жандардың ұрпаққа берген тәрбиесін, білім, еңбекке баулу, қол ұстасқан қос жұптың тағдырларын қаншалықты түзу алып келе жатқандықтары сынды сынады. Мерейлі отбасы атағына ақыры барлық талап бойынша мәртебесі биік шықққан 2 отбасы ие болды. Енді олар алдағы уақытта Алматы қалсының атынан республикалық байқауға барады.
«Ауызбіршілік, бір-бірімізге деген төзім, сүйіспеншілік, қала берді кәсібіңе деген тазалық, меніңше, осылай келе жатқанымыз соның арқасы. Бір жағынан 43 жылдық еңбегімізді елеген де болуы керек, қала бойынша жүлдегер болып отырмыз өте қуаныштымыз», – деді ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Мерейлі отбасы-2019» қалалық байқауының жеңімпазы Қанат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ