Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына ұшып барды

04.02.2022 00:16

Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. 5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ», - деп жазады Берік Уәли.