|
11.03.2019 | 19:03
5470

Елімізде мал ұрлығы ауыр қылмыстар қатарына енгізілді

Енді барымташылар жазадан оңай құтылып кете алмайды

Елімізде мал ұрлығы ауыр қылмыстар қатарына енгізілді

Елімізде мал ұрлап, оңай олжаға бататындарға жаза қатаңдатылды. Енді мұндай қылмысқа барғандар ауыр қылмыс жасады деп саналады. Бұдан былай барымташылардың жәбірленушілермен татуласып, жазадан құтылып кетуіне жол берілмейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ішкі Істер Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр Қазақстанда 15,5 мың бас мал ұрланған екен. Соның тек 7 мыңнан астамы ғана иелеріне қайтарылыпты. Ірі қараны қолды қылғандардың 2 мыңнан астамы ұсталып, 340 қылмыстық топтың әккі әрекеті әшкереленген.

«Ағымдағы жылдың қаңтарында Алматы облысының Полиция департаментінің қызметкерлері 5 адамнан құралған қылмыстық топты әшкереледі. Бұл топтың Кеген ауданы аумағында үш ауыр қылмыс жасағаны анықталды. Олар жалпы саны 88 бас жылқы малын ұрлаған. Іле ауданында осындай тағы бір топ ұсталды. Бұл қылмыстық топ ірілі-ұсақты малдарды ұрлаумен айналысқан. Жалпы, 240 қой ұрлаған, оның 210-ы иелеріне қайтарылды. Бұл топтағы бес адамның басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді ҚР ІІМ кеңесшісі Нұрділдә ОРАЗ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир