Алматыда қасиетті Құрбан айт мерекесі аясында 35 отбасына көмек көрсетілді. Қайырымдылық іс-шарасын ҚХА-ға қарасты қалалық Әзербайжан қауымдастығы ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұяларға ұн, жұмыртқа, ет пен сүт, май, күріш секілді күнделікті тұрмыста қажет азық-түлік себеттері таратылды.
Айта кетейік, қауымдастық мүшелері «Аяла» арнаулы әлеуметтік орталығының тұрақты қызмет алушыларына жыл сайын қолдау білдіреді. Дәстүрге айналған бастаманың мақсаты – екі тараптың ынтымақтастығын арттырып, мұсылман елдеріне ортақ мерекені бірге тойлау және ерекше жандарды назардан тыс қалдырмау.
– Жылда 50, 30, 100 бала әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетімен қамтамасыз етіледі. Мақсаты – Құрбан айтты бірге атап өту, достық қарым-қатынасты нығайту, көмек көрсету, құрбандық шалу, – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығының директоры Нұрғайым Дүйсенбаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда 266 мың бала лагерьде демалады