Мемлекеттік тіл – менің тілім: әскери қызметшілер арасында байқау өтті

28.09.2023 00:03

Олар Ахмет Байтұсынұлының ескерткішіне тағзым етіп, мұражай-үйін аралады

Almaty.tv

Ұлттық ұлан мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатуда. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әскери қызметшілер тіл тазалығын сақтап, кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында өзара бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» және «Үздік маман» байқауыны қатысты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлық қарастырылған. Байқау аясында әскери қызметшілер Ахмет Байтұсынұлының ескерткішіне тағзым етіп, мұражай-үйін аралап, ұлт ұстазы жайлы тың деректермен танысты.

– Жиынның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, дамуын қамтамасыз ету. Бұл танымдық сабақ деп аталады. Қазақтың көрнекті класссик жазушыларының мұражайына, үйіне барамыз. Ертең оқу-әдістемелік сабақ басталады, – деді ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшылығы мемлекеттік тіл бөлімінің бастығы Әлішер Әбдірәсіл.

– Мен «Үздік маман» сайысына қатыстым. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, мен көп тәжірибе алдым,  деді  5514 әскери бөлімінің тіл маманы Александр Сон.

Оқи отырыңыз: Асыл өнердің алып нары - Т. Жүргенов: әдеби-сазды кеш өтті