Алматыдағы Чехов орталық кітапханасында «Асыл өнердің алып нары – Темірбек Жүргенов» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға қоғам қайраткерлері қатысып, студенттер өнерін ортаға салды.
– Аты-жөнін білеміз, бірақ ол кісінің істеген ісін, мемлекет қайраткері ретінде тани бермейміз. Ол туралы көп жазылғанымен, оқылмауы мүмкін. Бірақ осындай кездесудің ұтымды тұсы – ақпарат алу. Кім болғаны, қандай істер атқарғанын құлақпен естіп, көзбен көрген тиімді деп есептеймін, – деді актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.
– Жүргеновтың өмірінің өзі – сабақ. Ол кісі бүкіл саналы ғұмырын ұлтқа, халыққа қызмет етуге арнады. Жастар еліктеп өссе, жаман болмайды деп ойлаймын, – деді режиссер Еркін Рақышев.
Оқи отырыңыз: «Белгісіз батырлар»: отандық кино саласы тарихи комедиямен толықты