|
03.06.2019 | 19:04
4773

«Ұлт тағдыры» Арқадағы ірі кәсіпорындарды аралады

«Ұлт тағдыры» Арқадағы ірі кәсіпорындарды аралады

Үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына бірнеше күн қалды. Ел президенттігіне үміткерлер де, олардың республикалық және облыстық штабтары да осы уақытты тиімді пайдалануға тырысып жатыр. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отырған Әміржан Қосановтың Қарағанды облысындағы сенімді өкілдері де өңірдегі сайлаушылармен жұмысқа күш салып жатыр. Бұл жолы орталық штаб мүшелері аймақтағы ірі кәсіпорындардың біріне барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар қызметкерлермен кездесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиында саяси құжаттың бірнеше бағыты сөз болғанымен, қатысушылар өңірлерді дамыту және еңбек адамының мәртебесі мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, штаб мүшелері саяси науқанға қатысты сұрақтарға жауап берді.  

Халықпен, жұмысшылармен кездесулер өткізіп жатырмыз. Басты мақсатымыз – Әміржан Қосановтың бағдарламасын жеткізу. Меніңше, үгіт-насихаттың нәтижесі жақсы болатын сияқты», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Ахметқали ХАЛЕНОВ.

«Адам көп жиналатын қоғамдық орындарда да арнайы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Сондай-ақ спорттық бағытқа да ден қойдық. Себебі, мемлекеттің дамуы үшін дені сау ұрпақтың маңызды екені айтпаса да түсінікті», – дейді ерікті Қанат БАЙҰЗАҚОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир