Ақтөбеліктерді қарғын су әлекке салып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазір қала бойынша 89 су сорғыш көлік жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеліктерді қарғын су әлекке салып жатыр. Кешелі бері күн күрт жылынып, көшелер еріген қар суына толды. Ал бүгін өңірде қар аралас жаңбыр жауып, жағдайды одан әрі қиындатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін көліктердің де, жаяу жүргіншілердің де жүріп-тұруы қиындады. Өйткені көше суға толды. Салдарынан көлік кептелісі пайда болды. Резеңке етіксіз жүру мүмкін емес. Тұрғындар үшін жолды кесіп өту мұңға айналды.

«Өзен, қала емес. Венеция! Су көп. Аяғымдағы жаңа аяқ киім де су боп кетті», – деді қала тұрғыны Ниязбек Нұрманәлиев.

«Түнімен жаңбыр жауды. Суды кешіп жүрміз», – деді қала тұрғыны Гүлжахан Медетова.

Қазір қала бойынша 89 су сорғыш көлік жұмыс істеп жатыр. Оның елуі қала орталығында, қалғаны тұрғындардың шақыртуы бойынша шет аудандарда жүр. Алайда коммуналдық мекемелер барлығын тазартып үлгерер емес. Жиналған қар суының көбеймесе, азаятын түрі жоқ.

«Техникан көбейтуге мүмкіндік болғандықтан, көбейтіп жатырмыз.Қар аралас жаңбыр жауып тұр. Оның үстіне күн жылы тез еріп жатыр», – деді қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Серік Дәулетов.

Бұл – Байғанин ауданындағы жағдай. Қарғын су Қарауылкелді ауылына алып жатыр. Дегенмен, мұндағы жағдай түскен кейін реттелген. Ал Алтай батыр елдімекеніндегі көпірді тасқын су бұзып кеткен. Су тасқынына қарсы штаб қазір облыстың барлық ауданында жұмыс істеп жатыр.

Райгүл Еншібай, Жомарт Құдайбергенов, «Алматы» телеарнасы, Ақтөбе

Новости партнеров