Алматыда Қаржы вице-министрі банкроттықты рәсімдеу процесін бақылады

04.03.2023 00:05

Қаржы вице-министрі банкроттықты рәсімдеу процесін бақылады

Almaty.tv

Банкроттыққа өтінім қабылдау басталғанда елдің Қаржы вице-министрі Алматыға келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оңтүстік астанадағы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында болған ол – мұндағы банкроттықты рәсімдеу процесін бақылады.

«Республика бойынша 58 адам онлайн арыз берді. Біздің болжамымыз бойынша, 90 пайыздан астамы сол электронды түрде жүргізіледі деп ойлаймыз. Біз арыз қабылдауға дайынбыз», – деді  ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов

Борышкерлері көп қалалардың ішінде Алматы көш бастайды. Мұндағы өзін «банкрот» деген азаматтардың саны 200 мыңға жеткен.