Олар №4 клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне ес түссіз түскелі еш өзгеріс жоқ
АН-26 ұшақ апатынан аман қалған екі әскеридің жағдайы ауыр. Олар №4 клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне ес түссіз түскелі еш өзгеріс жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алайда оларды аман алып қалу үшін барлық ем дом жасалып жатыр дейді дәрігерлер. Қазіргі уақытта білікті мамандардың қатысуымен консилиум құрылған.
«Әуе апаттан келіп түскен екі науқас бізде жансақтау бөлімінде емін жалғастырып жатыр. Жағдайлары ауыр деңгейде. Өткен тәулік бойында нашарлаусыз, тұрақты. Толық көлемде емін жалғастыруда. Қосарланған жарақат екі науқаста да оның ішінде күйік жағдайлар да бар», – деді №4 қалалық клиникалық ауруханасы қосарланған жарақат бөлімінің меңгерушісі Дәурен Мейрамханұлы.
Еске салайық, 13 наурызда кешке Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты АН-26 ұшағы апатқа ұшырап, ішінде болған 6 адамның 4-еуі көз жұмған еді. Қазіргі таңда апаттың себеп салдары зерттеліп жатыр.