Бұл туралы ІІМ Марат Ахметжанов айтты
Астанада әрбір екінші заңбұзушылықты шеттен келген азамат жасайды екен. Елордада «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның пайымынша, ведомство әзірлеген концепцияны орындауға әр азамат атсалысуы қажет. Яғни, күнделікті халық арасында болатын құқықбұзушылық әрекеттерінің жолын кесу мақсатында тұрғындар полиция қызметкерлерімен бірлесе әрекет етуі керек.
«Бірінші кезекте сенім маңызды. Сондықтан біз мәселелер картасы туралы, яғни соны жүйелі және кешенді шешу жолдары жөнінде айтып жатырмыз. Криминогендік ахуалға тоқталайын: елімізде қасақана кісі өлтіру қылмыстарының саны 50%-ға қысқарды. Бүгінде біз интеллектуалдық жүйені жасап шығардық. Ол жүргіншілердің өлімін 25%-ға төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Егер бұл жұмыстардың тиімділігін сезінбесеңіздер, оны көрмесеңіздер, полицияның жұмысына белсенді қатысу керек», – деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Оқи отырыңыз: Мегаполисте адам өміріне қауіпті тауарлар табылды