Қарғын су: Ұлытау облысында зардап шеккен отбасыларға үй салынып жатыр

15.05.2024 в 00:06

Өтемақы облыстық және аудандық бюджет есебінен төленбек

Ұлытау облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үй салынып жатыр. Арнайы құрылған сараптамалық комиссия өңірде тасқын судан зардап шеккен 22 баспананы анықтаған. Оның бесеуі апатты деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал жаңа баспана тұрғызатын аумақ Жезді кентінен белгіленген. Мұндағы әрқайсысы 80 шаршы метрлік үш жаңа үйдің құрылысы осы айда басталып, жыл соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға табыс етіледі.

Өтемақы облыстық және аудандық бюджет есебінен төленбек.

– Жаңаарқада бір азаматқа өтемақы төленді, ал екіншісіне үй сатып алынды. Үшінші тұрғынға үй салынады, жұмысы жүріп жатыр. Басқаларына салынатын тұрғын үйге қатысты мердігер компания анықталады, ертеңнен бастап жұмысқа кіріседі. 1 млн теңгеден 14 млн теңгеге дейін азаматтардың үйіне кеткен шығынға байланысты ақы төленеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Ұлынтай Үсенов

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсеновтің сөзінше, баспанадан бөлек, шаруақожалық иелерінің де шығыны өтеледі. Қазір суға кеткен 200-ден аса мал басы мәлім. Ал қосымша қаржыны демеушілер бөледі.

Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі жағалауды қайта қалпына келтіру үшін 80 миллион теңге бөлінеді