Ақтөбеде жағалауды қайта қалпына келтіру үшін 80 млн теңге бөлінеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Мәншүк Мәметова көшесі түгел су астында қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбедегі жағалауды қайта қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан 80 миллион теңге бөлінеді. Ол қаражат тротуар мен өзен арнасының бойындағы қоршауларды ауыстыруға жұмсалмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есте болса, Сазды өзеніндегі мұз кептелісі тасқынға ұласып, Мәншүк Мәметова көшесі түгел су астында қалған. Салдарынан ондағы триатлон саябағы, ойын және жаттығу алаңдары бүлініп, көлік қозғалысы тоқтады. Су тасқынымен күреске Төтенше жағдайлар департаменті, тәртіп сақшылары, Ұлттық ұлан және басқа да әскери құрылымдардың мыңнан астам қызметкері мен 200-ге жуық техника жұмылдырылған. Енді табиғи апаттың салдарын жою кезінде бүлінген жағалау бюджет есебінен қайта қалпына келтіріледі.

– Мердігер компания келісімшарт жасап жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 1-1,5 айда аяқталады, – деді Абаттандыру және ТҮКШ бөлімінің басшысы Болат Серіков.

Оқи отырыңыз: Қарғын су: еліміздегі 8 өңірде төтенше жағадай сақталуда

Новости партнеров