Назым Нүсіпханова бір мекемеде 30 жылға жуық қызмет етіп келеді
Еңбек адамы – ел тірегі. Елімізде мемлекеттің тұрақты дамуына адал еңбегімен өлшеусіз үлес қосып жүрген жандар көп. Солардың бірі – Мадияр Қайратұлы. Ол Алматы көпір құрылысы зауытында біраз жылдан бері еңбек етіп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Зауыт жол, көпір, туннельдер мен ұшу-қону жолақтарына қажетті темірбетон конструкцияларының 360-тан астам түрін шығарады. Мадияр Қайратұлы дайын болған қалыптардың сапасы мен талапқа сай болуын қадағалайды. Бастапқыда қатардағы жұмысшы болып қызметін бастаған ол қазір мұндағы бір цехтің басшысы лауазымына дейін көтерілген.
– Зауытқа қалыптау цехына шебер ретінде келдім. Үш жыл жұмыс істеп, техникалық бақылау бөліміне ауыстырды. Үш жылдан бері қалыптау цехының басшысымын, – деді зауыттың цех басшысы Мадияр Әбілқайып
Оның бригадасында 130 жұмысшы жұмыс істейді. Ауыр өндіріс пен биік кран арасында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Білікті маман жұмысшыларына жол сілтеп, білгенін үйретуден жалықпайды.
– Тұрақты еңбек еткен адамнан ғана нәтиже шығады. Адамның қанша жерден таланты бола тұра еңбек етпесе, жетістікке жетпейді, – деді зауыттың цех басшысы Мадияр Әбілқайып.
Саналы ғұмырын тамақ өнеркәсібіне арнаған тағы бір қызметкер – Назым Нүсіпханова. Ол бір мекемеде 30 жылға жуық қызмет етіп келеді. Ол «тұрақтылық маманның кәсіби тұрғыда өсуіне көмектеседі» дейді.
– Бүгінде миллиондаған қазақстандық түрлі салада еңбек етіп, нәпақасын тауып жүр. Әрқайсысы еліміздің экономикасының дамуына тамшыдай болса да үлес қосып жүр. Сол себепті еңбек деген сөздің мәнін түсінуіміз керек. Еңбек еткен адамды қара жер де құр қалдырмайды, – деді кәсіпорын қызметкері Назым Нүсіпханова.
Еңбек адамы – бүгінгі батыр. Бүл – ел экономикасының дамуына үлес осып жүрген жандардың ортақ ойы. Еңбек тұрақты табыспен қатар көңілге рухани азық та береді. Себебі олар алып шаһарда көптің алғысына бөленіп жүр.
Ұлағат Арғын, Әлішер Ерғалиұлы «Алматы» телеарнасы
Оқи отырыңыз: Еңбек адамы: Сағат жөндеу үшін шыдамдылық керек - шебер