Индира Рыстина: Сайлау ауылдың дамуына үлкен мүмкіндіктер сыйлайды деп сенеміз

26.07.2021 в 00:09

Жаңа сайланған әкімдер елдімекеннің өзекті проблемаларын оңтайлы шешуге мүдделі болады

inform.kz

Әкімдер сайлауы ауылдағы ағайынның саяси белсенділігін арттырады. Сарапшылардың пікірі бойынша, саяси партиялар ұсынған үміткер мен өзін-өзі ұсынған кандидат арасындағы бәсекелестік халықтың тұрмыс сапасын жақсартады. Жаңа сайланған әкімдер елдімекеннің өзекті проблемаларын оңтайлы шешуге мүдделі болады. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Индира Рыстина сайлау ауылдың дамуына үлкен мүмкіндіктер беретініне сенімді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Екі ұсыну формасы арасындағы бәсекелестік біздің жалпы саяси реформаларға, ауылдың проблемаларын жақсы түсінуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз артынан ауылдың саяси өмірінің, экономикалық-әлеуметтік дамуына үлкен мүмкіндіктер және жағдай жасайды деп сенеміз», – деді ол.