ҰБТ-да пара ұсынған шенеуніктер ұсталды

25.06.2019 00:09

Олар Ембі қаласындағы 7 білім беру мекемесі жинап берген 540 мың теңгені қалталарына басқан

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары мен Қандыағаш ауылы мектебінің директоры ҚР Білім және ғылым министрлігі комиссиясы өкілдерінің тамақтану, жүріп-тұруы мен қонақ үй шығынын өтеп бермекші болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ұсталған азаматтар Ембі қаласындағы 7 білім беру мекемесі жинап берген 540 мың теңгені қалтасына басқан. Мұның барлығын олар өңір бойынша ҰБТ-дан жақсы нәтижеге қол жеткізіп береміз деп алса керек. Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.