Бұйырмаған баспана: Қарағанды облысында үлескерлердің қаржысын ақтамағандар жазаланды

elements.envato.com
elements.envato.com
13 мердігер компанияға айыппұл салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында үлескерлердің қаражатын заңсыз иемденгені үшін 13 мердігер компанияға айыппұл салынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сондай-ақ өңірде жалпы 15 кәсіпорынның рұқсатсыз ақша тартуға қатысы бар болып шыққан. Олардың арасында осыған дейін «Заңсыз тұрғын үй салды» деген күдікке ілінген ірі құрылыс компаниялары да бар. Өкініштісі, тұрғын үй заңнамасы талаптарының бұзылуы салдарынан пәтер қаражатын толық төлеп қойса да, баспанаға қол жеткізе алмай жүргендердің саны артты.

- Заңсыз үлескерлердің ақшасын тартқаны үшін біздің мекемемізбен Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекстің 20-бабы 1-бөлігі бойынша сот шешімімен айыппұл салынды. Құны - 300 АЕК. Ол 1 миллион 35 мың теңгені құрайды, - деді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы басқармасының бас маманы Әділет Әкішев.

Еске сала кетейік, Қарағанды қаласында заңсыз салынған 11 үйдің бірқатары сүрілуге тиіс. Солардың бірінен баспана бұйырар деп ақша салған 250 үлескер далада қаламыз деп алаңдайды. 1500-ге жуық тұрғынды қамтитын жаңа кешендегілердің басым бөлігінде қазір тұрғылықты мекенжайы жоқ. Мұндай мәселенің өңірде ушығып кеткені соншалық, жергілікті билік халық алданбауы үшін сенім телефонын іске қосқан.

Оқи отырыңыз: Баяғы жартас, сол жартас: Ақжар ауылының тұрғындары қоқыс иісіне тұншығуда

Новости партнеров