|
14.07.2020 | 19:10
1391

Елімізде 1 миллионнан астам адамға азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек беріледі

Мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген жағдайда үш айға автоматты түрде ұзарту қажет

Елімізде  1 миллионнан астам адамға азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек беріледі inform.kz

Елімізде эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін 2 аптаға, яғни екінші тамызға дейін ұзартылған шектеу шаралары бүгін Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Министрлер дағдарыстан дамуға шығар даңғыл жол ұсынды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономика салаларын қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспарын дайындайтынын мәлім етті. Ал, Ұлттық банк өз кезегінде 2020 жылы инфляцияны 8-8,5 пайыз дәліз шегінде ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізбек.

«Ол үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының монетарлық емес инфляцияны төмендету тапсырмасын орындау мақсаты көзделеді. Ол үшін нарықтарды тауарлармен толтыру, жеткізу тізбегін оңтайландыру және алыпсатарлыққа жол бермеу жолымен Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан импортқа тәуелділікті азайту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл ақша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі тұрғын-үй құрылысы саласындағы құрылыс материалдарының үлесін 90 пайызға жеткіземіз деп есеп берді. Бүгінгі күні құрылыс материалдарын шығару бойынша 33 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ал, мемлекет басшысының ауылды жерлерде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету тапсырмасына сай биыл 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерге талшықты-оптикалық желілер, мобильді және радиотехнологиялар арқылы интернетті жеткізу жобаларын аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде интернетпен қамту деңгейі 99,3% жетеді, деп көзделуде. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Асқар Мамин ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезеңінде табысынан айрылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы – ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезіндегідей, азаматтардың жекелеген санаттарына, азық-түлік өнімдерін алуға ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл –  1 миллионнан астам адам. Осы жылғы үшінші тоқсанға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ, мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген мүгедектігін үш айға автоматты түрде ұзарту қажет», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир