Алматыда жастар ресурстық орталығының бір топ еріктісі алма ағашын отырғызды

almaty.tv
almaty.tv
Жастар қаладағы бос жерлерді гүлдендіруді көздейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда күзгі ағаш егу жалғасуда. Басты мақсат – қаланың көркіне сән беретін жасыл желек қорын арттыру. Бүгін жастар ресурстық орталығының бір топ еріктісі Нұркент ықшамауданында 30 шақты алма ағашын екті. «Эко-Алматы» акциясы «Шетcіз қала» және «Жасыл қала» бағдарламалары аясында жүзеге асты. Осылайша жастар қаладағы бос жерлерді гүлдендіруді көздейді. Жалпы акция аясында тағы да басқа аумақтар қамтылатын болады.

«Алматы қаласының демалыс орталықтары және 8 ауданда орналасқан жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен волонтерлері эко таза қала акциясын жалғастыруда. Акцияның мақсаты – қаламызды одан ары гүлдендіру. Қаламыз алманың отаны білесіздер. Алма ағашын отырғызып, одан ары жандандыру болып табылады», – деді Алатау аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұрсұлтан Сембаев.

Новости партнеров