Алматы тұрғындары қарызға батқан азаматтардың көшін бастап тұр. Бұл көрсеткіш қазір 1 млннан асқан. Ақпаратты бүгін мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал қаржылық кеңесшілер мен банк өкілдері қатысқан жиында Азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасы қаралып, оның негізгі үш ережесі талқыға түсті. Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан жобаны мамандар Талдықорған мен Түркістан қалаларында түсіндірмек.
«Негізі бұл әлі жоба ғой. Жекелеген азаматтар бұл заң жобасына қол қойылғаннан кейін кейбір мәселелер ескерілмей қалуы мүмкін, сол үшін қазір жеке азаматтардың барлығының мұң-мұқтажын, уәжін тыңдап алып, алдағы уақытта мүмкін кейбір мәселелерді заң жобасында өзгерту керек шығар», – деді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.