Десе де тұрғындар көп тұратын үйлердің кіреберісінде және ішінде мұндай шаралар әлі де іске аспаған
Елдегі төтенше жағдайға байланысты санитарлық жұмыстар барынша күшейтілді. Бүгіннен бастап барлық көп қабатты үйлерде арнайы дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуі тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv.
Антисептикалық заттармен қамтылып, тазалыққа ерекше мән берілу керек. Десе де тұрғындар көп тұратын үйлердің кіреберісінде және ішінде мұндай шаралар әлі де іске аспаған.
БЛИЦ:
– Біреулердің дезинфекция немесе антисептиктер қолданғанын
әлі күнге дейін көрген жоқпыз.
– Анттисептиктермен жуып, я болмаса қолды жуып кететін шаралар әлі орындалған жоқ.
Ал, тұрғын үйлердің тазалығына жауапты пәтер иелері кооперативінің өкілдері бұл мәселені шешуге барынша тырысып жатқандарын жеткізді. Айтуларынша, жауапты органдардан нұсқаулық алған. Әзірге дезинфекция жұмыстарын өзіміз жасай береміз дейді.
«Коронавирусқа қатысты нұсқаулық ілесіңдер деді. Ілдік. Тағы да іліп жатырмын қазір. Енді күнде-күнде ілеміз. Әзірге қалай жасарымызды білмей отырмыз. Клининг-компаниясы айына бір рет тазалық жасайды. Олар қазір біздің ешқандай уақытымыз жоқ, жүктемеміз ауыр деді», – дейді «Академия» ПИК басшысы Сара ТҰРЛЫҚОЖА.