Балқаштағы демалыс орындарының бірінде 30-ға жуық адам уланып қалды

17.08.2024 00:39

18 науқас, оның ішінде 9 бала станционарлық емге жіберілді

Сгенерировано ИИ

Балқаш қаласындағы демалыс орындарының бірінде 29 адам жоғары температура және диарея белгілерімен ауырып, медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеріс барысынан кейін, 18 науқас, оның ішінде 9 бала станционарлық емге жіберілді. Алдын-ала болжам бойынша, азаматтар астан уланған. Демалыс орнына жоспардан тыс тексеріс ашқан облыстық СанЭпидБақылау департаменті шұғыл түрде Балқаш қаласына аттанған. Мамандар зертханалық зеттеу жүргізіп, шыққан қорытындыны полиция бөліміне табыстайды. Ал ауруханаға жеткізілген науқастардың жағдайы қалыпты көрінеді.

– Олардың жағдайы орташа. Интоксиация және ішек жолына байланысты пациенттерге қажетті ем мен сараптамалар тағайындалды. Ауруханаға жатудан бас тартуына байланысты динамикалық бақылауға алынды, – деді Көпсалалы аурухананың директоры Серікбол Түсіпбеков.

Оқи отырыңыз: Қарағанды-Балқаш күре жолында 200-ге жуық адам қаза тапқан