|
29.07.2019 | 19:13
1520

Балалар қауіпсіздігін бақылайтын заңды қайта қарау керек

Қазақстанда адам саудасының құрбаны болған 116 адам идентификацияланды

Балалар қауіпсіздігін бақылайтын заңды қайта қарау керек

Зорлық-зомбылыққа қатысты заңды қатаңдату керек. Өткен хабарымызда жолдаған «Қазақстанда бала құқығы қорғалған ба?» деген сауалға көрермендердің көбі осылай жауап берген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Редакциямыздың ватсап нөміріне 57 ата-ана жауап берсе, 33-і балалар құқығы сақталған депті. Ал, 24-і бұл пікірмен келіспейді. Қазақстанның бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин алдымен отбасы құндылықтарын арттыру керек дейді.

«Ата-аналардың көбі менің балама ештеңе болмайды деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Отбасында балаға бейтаныс адаммен ешқайда бармауын қатаң ескерту қажет. Кей жағдайларда жасөспірімге зиян келтіргісі келген адам отбасын жақсы танитындар болып келеді. Тәрбиешілерге «бізден басқа ешкімге баланы табыстамаңыз» деп ескерту шарт», – дейді ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан САИН.

Айта кетейік, өткен аптада Алматыдағы балабақшалардың бірінен бүлдіршінді алып кетпек болған әйел ұсталған болатын. Ол баланың отбасынан ақша талап етпек болған. Осы оқиғадан кейін бөбекжайлардағы қауіпсіздік мәселесі жіті бақылауға алына бастады.

Қазақстанда адам саудасының құрбаны болған 116 адам идентификацияланды. Бұл – негізінен Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия елдерінің азаматтары. Олардың басым бөлігі еңбек құлдығына тартылған.

«Егер осыдан шамамен 7 жыл бұрын адам саудасы құрбандарының басым бөлігі әйелдер болып, сексуалдық құлдыққа тартылса, қазір адамдар көбіне еңбек құлдығына түсіп жатыр. 116 адамның 70 пайызы - ер адамдар, 30 пайызы - нәзік жандылар», – дейді Орта Азия бойынша көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның үйлестірушісі Деян КЕСЕРОВИЧ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир