Отандастар жүргізушілерге арналған мобильдік қосымша ойлап тапты

Almaty.tv
Almaty.tv
Ақшаның белгілі бір мөлшері қайрымдылыққа жұмсалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отандастарымыз шетелдік платформалардан кем түспейтін жүргізушілерге арналған мобильдік қосымша ойлап тапты. Ерекшелігі сол, ақшаның белгілі бір мөлшері қайрымдылыққа жұмсалса, енді бір бөлігі жүргізушінің зейнетақы қорына түседі екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Нұрлыбек Айдарбеков  – 20 жылдан астам тәжірбиесі бар такси жүргізушісі. «Бұған дейін түрлі қосымшаны қолданып, қыр-сырын меңгерген ол, жаңа қызметтің халыққа тиімді тұстары көп» дейді. Бастысы ақша ешқайда шықпай, елімізде қалатынына қуанып отыр.  

«Төрт балам бар. Темір тұлпардың арқасында бәрін бағып, өсіріп жатырмыз. Ешқайсына өкпеміз жоқ, Бір айтарым ешкімді кінәлауға болмайды. Патриоттық сезіммен Отанды қорғаған дұрыс, елімізде жобалар осылай басталады ғой», – деді жүргізуші Нұрлыбек Айдарбеков.

Бір айта кетерлігі, бұл жаңа жобада өзге платформалар секілді ауа-райы күрт бұзылса да, баға көтерілмейді. Әрдайым баға тұрақтылығы сақталады. Сонымен қатар, жүргузуші тапқан пайыздың үстінен алынатын үстемақының бір мөлшері қайырымдылыққа, енді бір бөлігі жүргізушінің зейнетақы қорына түседі.

«Автокөліктерден түскен пайда Тараздағы мұқтаж жандарға жұмсалатын болады. Қазіргі пайдаланып жатқан шетелдік бағдарлама болғандықтан, ақша да шетелге кетіп жатыр. Қазақстандық бағдарламаны шығарып, яғни түскен пайда ел игілігіне жұмсалуын қаладық және бағдарлама өзіміздің бренді болса деген оймен аштық», – деді қосымшаның құрылтайшысы Ағзат Молдақов.

Еліміз бойынша мұндай қосымшаның 10 түрлі баламасы бар. Ал ҚР Цифрлық даму министрлігі мұндай бастамалардың әрдайым қолдау табатынын алға тартады.

«Министрлік мұндай отандық стартаптарды әрдайым қолдайды. Қандай да бір көмек қажет болса бізге хабарласа алады. Бізде ІТ саласында Астана Хаб атты халықаралық технопарк бар, онда бизнесті дамыту тұрғысынан кеңес алуға болады. Тіпті, арнайы оқу да өткізе  аламыз», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен.

Екі ай бұрын ашылған бағдарламаға қазір 700-ге жуық жүргізуші тіркеліпті. Олар қосымша арқылы тәулігіне орташа есеппен 10 мың теңгеге дейін табады екен.

Жомарт Есқара, Дәурен Доғдырбай «Алматы» телеарнасы, Тараз

Оқи отырыңыз: Игі бастама: студенттер Алматының ауасын тазартатын жоба ойлап тапты

Новости партнеров