|
14.07.2022 | 19:13
918

Президенттің жастарды жұмыспен қамту мәселесіне көңіл бөлгені қуантады – Тоқтар Болысов

Жыл соңында жастарды жұмыспен қамти алмаған әкімдер жұмысына қорытынды берілуі мүмкін

Президенттің жастарды жұмыспен қамту мәселесіне көңіл бөлгені қуантады – Тоқтар Болысов inform.kz

Жыл соңында жастарды жұмыспен қамти алмаған әкімдер жұмысына қорытынды берілуі мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде әлі күнге екі қолға бір күрек таппай жүрген жас буын қатары азаймай тұр. Президенттің жұмыспен қамту мәселесін толық шешу керек дегені республика жастарын ерекше қуантты. Айтуынша мемлекет басшысының өзі көңіл бөлсе, жылдар бойғы мәселе шешімін табуы мүмкін.

«Расында да бұл бір күрделі сұрақ. Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де  бар. Оны шешу үшін Президент Үкіметке нақты жылдың соңына дейін уақыт берген. Жастардың бүгінгі күні болашағы біздің экономикалық дамуымызға байланысты. Сол үшін менің ойымша, ол өте маңызды күрделі сұрақ», – деді Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир