Баянауылда ауа райы салдарынан жоғалған 2 ер адам табылды
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қаңтардың 17-і күні сағат 21.45-те Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылдық округі, Лекер ауылының Мауке учаскесінде іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Қазақпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Баянауыл ауылынан 35 шақырым қашықтықта ТЖ департаментінен 4 қызметкер, 1 техника және жоғалған адамның туысы іздестіру шараларына жұмылдырылды. Сағат 17:00-де Мауке учаскесінен УАЗ автокөлігімен шыққан 1988 және 1989 жылы туған екі ер адам жоғалып кеткен», - дейді департаментте.
18 қаңтар күні сағат 02.20-де ТЖД іздеу тобы оларды Мауке учаскесінен 1.5 шақырым қашықтықта тауып, Баянауыл ауылына алып келді. Екі азаматтың да жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41