|
02.12.2020 | 19:15
1318

Елімізде жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Агроөнеркәсіптік кешендегі қызметтердің 90 пайызы автоматтандырылды

Елімізде жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды inform.kz

2021 жылы жер учаскесін алу тәртібін автоматтандыру аяқталады. Ол туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров айтты.  Бүгінде жерді цифрландыру мәселесі бойынша Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірселіп қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді. Және еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу шеңберінде цифрлық ауыл шаруашылығы карталарымен қамту да жоспарлануда. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Анар Қанат тарқатады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі қызметтердің 90 пайызы автоматтандырылды. Алдағы 5 жылда спутинктік және LoRaWAN технологиялары барлық ауыл шаруашылығы кешеніне жеткізіледі дейді ауыл шаруашылғы министрі. Аталған технологиялар 100 млн гектар жер көлемін қамтымақ. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы ретінде 50 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту көзделіп отыр.

«2020 жылы пилоттық өңірлер ретінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстары айқындалды. Мәселен, пилоттық өңірлерді ғарыштық мониторингтеудің бірінші кезеңінің деректері бойынша 8,3 миллион га пайдаланылмайтын жер анықталды, оның ішінде 2,6 миллион га жайылым ерікті түрде мемлекеттік меншікке қайтарылды, 5,7 миллион га жер иелеріне заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.  

Сондай-ақ, Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету үшін aleumet.egov.kz порталы іске қосылғаны айтылды. Қазіргі уақытта порталда 1157 жеткізуші тіркелген және 24 мыңнан астам адамға техникалық оңалту құралы берілген. Айта кету керек, еліміздің 5 өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Оңалту орталықтары жоқтың қасы және тағы 3 облыста олар үшін медициналық қызметтердің тапшылығы тағы бар. Бұл мәселе тек 2025 жылға қарай шешімін табуы мүмкін екен.

«Қазіргі уақытта елімізде 40 оңалту орталықтары жұмыс істейді. Оның ішінде осы жылы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы 12 жаңа оңалту орталығы іске қосылды. Мұқтаж адамдардың оңалту орталықтарымен қамту 47 пайыға дейін жеткізілді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов .

Бұдан бөлек елімізде аутизммен ауыратын балалар санын көбейіп келе жатқандығы сөз болды. Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде ерекше қажеттіліктері бар 160 мыңға жуық бала білім алып жатыр. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу орындарында оларға барлық жағдай жасалғанын айтты. Осыған байланысты арнайы мекемелердің саны қысқарып жатқан көрінеді.

Анар ҚАНАТ, Әл-Төре ХАМИЕВ, «Алтамы» арнасы, Нұр-Сұлтаннан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир