Елімізде қала көшелеріне және қоғамдық орындарда «SOS түймешігі», яғни жедел шақыру құрылғысы орнатылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше,түймешікті басқан кезде құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге немесе көмек алу үшін полицияға жүгінуге болады. Сонымен қатар биыл баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» жүйесі іске қосылады деді.
«Баланың жүрген жерін анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі - Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады. Сонымен қатар, жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.