Күрелмеген күре жол: Қарағандыда жауаптыларға айыппұл салынды

Almaty.tv
Almaty.tv
Олардың ішінде мердігер де, мемлекеттік қызметкерлер де бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда күре жолдарды қардан күреуге тиісті жауаптылардың өзі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Күре жолдардың күрелмеуі әуелі көлік апатының көбеюіне себеп болған. Тіпті қыстай жауған қардан тазартылмаған жолдар да бар. Міндетіне салғырт қараған жалпы саны 83 адам жауапқа тартылып, оларға 5 млн теңгенің айыппұлы салынған. Аталғандардың ішінде мердігер де, мемлекеттік қызметкерлер де бар. Осы жағдайлардан кейін облыстық полиция департаменті тас жолдардағы тазалықты тексеруге рейд жасады. Анықталған олқылықтарды жою үшін серіктес компанияларға ескерту берілді. Егер шаруа тағы атқарылмаса 110 мың теңге көлемінде екінші рет айыппұл салынады.

– 83 хаттама толтырылып, оның ішінде 4 әкім және де «Қаз АвтоЖол» ұлттық компаниясының директорының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмасына 2-3 рет тексереміз, – деді облыстық Полиция департаментінің бөлім бастығы Ерлан Әубәкіров.  

Ал істе салғырттық танытқан компаниялар техникаларының жетіспейтіндігін мойындаса да, жұмыс атқарылып жатыр деп ақталды. Алайда ауа райының қолайсыздығы мен қардың қайта-қайта жаууы көп кедергі келтіргенін жасырмады.

– Техника аз. Төрт автогрейдердің екеуін жалға алып отырмыз, – деді мердігер компанияның қызметкері Бақтияр Смайылов  

Айта кетейік, аймақта биыл 25 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 13 адам көз жұмып, 16-сы зардап шеккен. Мердігерлер міндетін дұрыс атқармаса,  лицензиядан айыру мәселесі қарастырылмақ.  

Мақсат Бейсенаев, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Су басқан атыраулықтардың баспанасы құлай бастады

Новости партнеров