Алматыда жыл басынан бері отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша 5 мыңнан аса өтініш түсіп, 23 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазір профилактикалық есепте 4584 адам тұр. Соның 221-і қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Жуырда ғана мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң Алматыда қалай жүзеге асып жатыр? Тиісті құжат қабылданса да, жанұядағы жанжал неге азаяр емес? Бұл жөнінде студиямызға келген Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов айтып берді.