Қауіпті балабақша: бүлдіршін кәріз шұңқырына түсіп мерт болды

11.07.2024 00:19

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Almaty.tv

Атырауда төрт жасар бала кәріз құдығына құлап кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қайғылы жағдай Құрсай ауылдық округіндегі «Чебурашка» жекеменшік балабақшаларының бірінде болған. Түскі үзіліс кезінде бөбекжай ауласында серуендеп жүрген бала құдыққа түсіп кеткен. Қазір полиция аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғады.

- Оқиға орнындағы жағдай туралы біз тәрбиешілерден де, құрылтайшылардан да толық ақпарат ала алмай тұрмыз. Қазіргі таңда тергеп-тексеруге байланысты құзырлы органдардан нақты әрі толық ақпарат алған соң хабарлаймыз. Қайғылы жағдай балабақша ауласында болған. Тексерісті біз өз тарапымыздан тағайындаймыз. Мекеме жекеменшік болған соң, арнайы рұқсатсыз кіре алмаймыз. Тергеп-тексеру біткенге дейін балабақша жұмысын тоқтатады, - дейді Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Оқи отырыңыз: Қыршыннан қиылған өмір: Ақтауда суға шомылып жүрген бала мерт болды