Төтенше жағдай кезінде салықтық тексерулер тоқтатылған. 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның мемлекеттік қарызының мөлшері бүгінде әлем бойынша төмен екенін мәлімдеді.
«1 сәуірге қарыз жалпы ішкі өнімге қатысты 25%-ды құрайды. Қазір бұл міндеттеме қауіпсіз деңгейде деуге болады. Қарыз бойынша барлық міндеттемелеріміз (ковенанттар) сақтаулы. Рұқсат берілген нормалардан асқан жоқ. Мемлекеттік қарыздың жағдайы жіті бақылануда», - деді ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди ТАКИЕВ.