Кездесу барысында азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, әлеуметтік мәселелердің заңнамалық нормалары түсіндірілді
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай облысы Үржар ауданы тұрғындарымен жүздесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғамдық қабылдау барысында өңірдегі қордаланып қалған бірқатар проблема көтеріліп, түйінді сұрақтар талқыланды. Тұрғындардың бірі жол мәселесін қозғаса, өзгелері өңірдегі медициналық көмекті жетілдіру керек екенін алға тартты. Сондай-ақ кездесу барысында азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, әлеуметтік мәселелердің заңнамалық нормалары түсіндірілді.
Оқи отырыңыз: Электр желісіндегі ақау: Павлодар тұрғындарының мәселесі шешіле ме