Жиында Мәслихат спикерлері көкейкесті сұрақтарын қойып, тәртіп сақшылары тарапынан тиісті жауабын алды
Оңтүстік астанадағы жағдайға байланысты Алматы қалалық мәслихатының депутаттары және полиция департаментінің өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиында Мәслихат спикерлері көкейкесті сұрақтарын қойып, тәртіп сақшылары тарапынан тиісті жауабын алды. Белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция департаментінің ғимаратына 27 рет шабуыл жасалған. Сондықтан қалпына келтіру жұмыстарына депутаттар өз көмегін беретінін жеткізіп, сын сағатта жан аямай міндетіне адалдық танытқан Полиция департментіне алғыс айтты.
«Көмектеміз. Шығындарды естідік. Қазір ғана «186 көлік жанып кетті» деді. Сол жағынан да көмектесеміз. Алматы қаласы мәслихатынан және бюджеттен басқа да көмек көрсетіледі. Бізге күн сайын 50-100 адам хабарласады. Сол сұрақтың бәрін басшысына қойдық. Көп рахмет, барлық сұраққа жауап берді. Енді біз халыққа бәрін түсіндіреміз», – деді қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов.