Ашық есік күніне келгендер қару-жарақ пен техника көрмесін тамашалады
Жастардың патриоттық рухын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясында «Ашық есік күні» әскери-патриоттық іс-шарасы өтті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктердің белсенділері, мектеп оқушылары қару-жарақ, техника көрмелерін, әскери үрмелі оркестрдің өнерін, курсанттардың концерттік бағдарламаларын үлкен қызығушылықпен тамашалады.