Зиялы қауым өкілдері пандемия кезінде халықты үйде болуға шақырды

Фото Mohammad Ismail/Reuters
Фото Mohammad Ismail/Reuters
Олар «бірлік болғанда ғана тірлік түзелетінін түсінуі керек» деген пікір білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің зиялы қауым өкілдері мен қазақ қоғамына еңбек сіңірген қайраткерлер халықты қорғану шараларын сақтап, үйде болуға шақыруда. Олар енгізілген барлық тәртіпті орындап, мамандар ұсынған нұсқаулықтарға жіті құлақ асуға кеңес беріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар «бірлік болғанда ғана тірлік түзелетінін түсінуі керек» деген пікір білдірді.

«Осындай жағдайда сын көпірдің үстінде ұлттың ұйымшылдығы сынға түсіп жатыр. Аңдамаған ұлттар опық жеп жатыр. Ал енді ұйымдаса білген, сақтық жасаған ұлттар аман-есен қалып жатыр. Ұйымшыл ұлт екенімізді көрсетсек, сонда ғана біз бұл сын көпірден аз шығынменен абыройлы өтетін боламыз дер едік. Алла бізді аз шығынменен абыройлы өтуге жазғай!», – деді жазушы, кинодраматург Смағұл ЕЛУБАЙ.

«Құрметті алматылықтар! Құрметті қазақстандықтар! Мына әлемде болып жатқан дүниеден жан-жақты хабарымыз бар. Алла тағала кейбір жердегі болып жатқан дерттің бетін аулақ қылсын деп тілейтін болсақ, осы айтылған дүниелерді үйден шықпай, сабырлық сақтап, түсіністікпен қарап, тек қана амандығымызды ойлап, бар берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындауға сіздерді шақырамын. Аман болайық!», – деді Қазақстанның Еңбек ері Аягүл МИРАЗОВА.

Новости партнеров