Алматыда мерекелік концерт өтті
Алматыда генерал-полковник, бұрынғы Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаевтың 85 жасқа толуына орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет қайраткеріне арналған іс-шара Республика сарайында ұйымдастырылды. Оған ардагердің жора-жолдастары, әскерилер мен студенттер қатысты. Қызметтес болған әріптестері Сәт Бесімбайұлына ізгі тілегін жолдап, оның қызмет жолында өз ісіне жауапты, темірдей тәртіп орнатқан басшы екенін тілге тиек етті.
– Сәт Бесімбаеұлы 3 жыл Қорғаныс министрі болды. Сол уақытта үлкен жұмыс істеп, армиямызды көтеріп, әскери округті ашты. Әскерге өте жақсы көңіл бөліп, тәртіп орнатты, – деді «Офицерлер одағы» ҚБ президиумының төрағасы Махмұд Телеғұсов.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлына Президент Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылған. Ол бұл мәртебені елге сіңірген орасан зор еңбегі үшін иеленді. Генерал-полковник бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып, Ұлттық ұланның қолбасшысы әрі Қорғаныс министрі, сондай-ақ Парламент мәжілісінің депутаты да болған.
Оқи отырыңыз: Тұлғаға тағзым: Алматыда қысқаметражды фильмдер байқауы өтті