|
12.09.2024 | 14:14
221

Тұлғаға тағзым: Алматыда қысқаметражды фильмдер байқауы өтті

Жобаның негізгі мақсаты – қазақ театры мен киносына елеулі үлес қосқан қайраткерлерді насихаттау

Тұлғаға тағзым: Алматыда қысқаметражды фильмдер байқауы өтті Almaty.tv

Алматыда отандық театр және кино өнеріне еңбегі сіңген тұлғалар дәріптелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл мақсатта қоғамдық даму орталығының бастамасымен 6 номинация бойынша қысқаметражды фильмдер байқауы ұйымдастырылған. Аталмыш іс-шара талантты жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталды.

– Бүгінгі таңда кино, театр өнерінде танымал, әлемге есімі әйгілі Дәрежан Өмірбаев, Болат Қалымбетов, Досхан Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов сияқты тұлғалардың есімі бәрімізге мәлім. Жастар елге еңбегі сіңген шығармашылық иелері жайлы туындыларын ұсынды, – деді кинотанушы Дана Әмірбекова.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – қазақ театры мен киносына елеулі үлес қосқан қайраткерлерді насихаттау. Сондай-ақ кино саласының көшіне жаңадан қосылған жас буынға қолдау көрсету. Байқау барысында көрерменге ұсынылған фильмдер кәсіби мамандардың қатысуымен талқыланып, озық деп танылған авторлар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Жобаға Болат Әбділманов ағамыз туралы сұхбат қамтылған қысқаметражды фильм ұсынып отырмын. Сондай-ақ сол кісінің сомдаған рөлдері, оның ішінде шоқтығы биік Абай рөліне ерекше тоқталдым, – деді қатысушы Төреханов Алихан.

Оқи отырыңыз: Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама үш «алтын» иеленді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир