Биыл 194 мың қазақстандық ақша табу үшін шетелге кеткен
Үш айда 200 мың қазақстандық шетелге нәпақа табамын деп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың қатарында Қостанай, Қарағанды, Павлодар облысының азаматы көп. Азаматтар күреп ақша табуға асыққан елдер көшін Ресей бастап тұр. Мұнда 162 мың адам еңбек етіп жүр. Польшаға 13 мың, Оңтүстік Кореяға 6 мың, Ұлыбританияға 5 мың адам кеткен.
– Біз көші-қон саясаты тұжырымдамасы шеңберінде жұмыс істейміз. Бүгінде Түркия, БАӘ, Ұлыбритания, Израиль, Қатармен бірқатар келісімге қол қойылды. Егер қазақстандықтар осы елдерде жұмыс істейтін болса, онда олардың еңбек және әлеуметтік құқығы заңға сәйкес сақталады. 2023 жылғы бірінші тоқсанында 194 мың қазақстандық ақша табу үшін шетелге кеткен, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.
Оқи отырыңыз: Астанаға келетін шетелдіктерге қатысты көші-қон талаптары өзгертіледі