|
24.08.2023 | 15:54
741

Астанаға келетін шетелдіктерге қатысты көші-қон талаптары өзгертіледі

Еңбек министрлігі құжатқа шарттарын қатайтатын түзетулер әзірлемек

Астанаға келетін шетелдіктерге қатысты көші-қон талаптары өзгертіледі Сурет: Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қыркүйектің ортасында Астанада көші-қон ағынын реттеу шаралары болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мекеме өкілінің айтуынша, Ішкі істер министрлігі елордада тіркеуге байланысты бұйрық әзірлеген.

- Ішкі істер министрлігі тіркеуге байланысты бұйрық шығарды. Бұл Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан жоспарлы шаралардың бірі және елордада көші-қон ағыны бойынша бұл жұмыс әлі де жүргізіле береді. Түзетулер әзірленді, бірақ олар әлі де талқыланып жатыр. Сондықтан олар туралы айту ерте. Себебі әлі талқылау жүріп жатыр, басқа жерде қосымшалар болады. Келісілген ұстанымдарды әзірлеу қажет. Осы шаралардың барлығы заңнамалық актілер аясында қарастырылады, яғни шаралар заң жобасына енгізіледі. Меніңше, қыркүйектің ортасына қарай алғашқы тәсілдер жарияланып қалатын шығар, - деді Асқарбек Ертаев.

Осы бағытта қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, құжат пысықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:Елімізде интернет алаяқтық өршіп тұр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир